Медицина

Қазақстанда тұқым қуалайтын ангионевроздық ісікті анықтау бағдарламасы іске қосылады

Қолданыстағы алгоритмнің арқасында диагноз қою мерзімі қысқарады

Алматы 27 маусым, 2023 ж «Такеда Қазақстан» компаниясы Takeda Pharmaceutical Company Limited компаниялар тобының бір бөлшегі ретінде қазақстандық науқастардың өміріне қауіп төндіретін әрі сирек кездесетін тұқым қуалайтын ангионевроздық ісік (ТҚАІ) ауруын зертханада анықтау мүмкіндігін кеңейтеді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Мұндай ісікті анықтау бағдарламасы ТҚАІ болуы мүмкін деген науқастарға уақытында дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік беру арқылы оларға қолдау көрсетіледі.

Бағдарлама аясында қазақстандық науқастар ТҚАІ диагнозын нақтылау немесе жою үшін тегін зертханалық тексеруден өте алады. Ол үшін аллерголог-иммунолог дәрігер ТҚАІ бар деп күдік келтірген науқастарды тегін зертханалық тексеруге жібереді. Диагноз нақтыланған жағдайда науқастың отбасы мен жақын туыстарын тексеру де қолға алынуы мүмкін.

ТҚАІ бар деген күдік болса, дәрігер бағдарламаның «жедел желі» нөміріне хабарласып, науқасты тексерілуге жіберу үшін тиісті құжаттарды толтырады. Қан үлгісін алу және дайындау еліміздің 20 қаласында орналасқан INVITRO медицина мекемесінде жүзеге асады. Науқас анализ жасау алдындағы кезеңде өзіне жақын орналасқан INVITRO медицина мекемесіне баруы керек. Одан кейін биоматериал үлгісі температура режимін қатаң сақтай отырып, зерттеу мақсатымен халықаралық DUZEN (Түркия) зертханасына жіберіледі.

Бұл жоба Қазақстанда ТҚАІ ауруларын анықтау тиімділігін және деңгейін арттыруға бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. Қолданыстағы алгоритмнің арқасында диагноз қою мерзімі қысқарады. ТҚАІ адам өміріне қауіп төндіретін ауру екенін ескерсек, диагнозды уақытында қоюдың маңызы зор.

– ТҚАІ сияқты сирек кездесетін ауруларға байланысты дәрігерлер мен науқастар кез болатын бірінші қиындық – диагноздың уақытында қойылмауы. Науқастар бірнеше жылбойы диагнозы нақтыланбағандықтан тиісті емін ала алмауы мүмкін, бұл олардың өміріне орасан зор қауіп төндіреді. Ал ауру анықталған жағдайда, заманауи дәрі-дәрмектерді пайдалана отырып емдеу аурудың белгілерін жеңілдетіп қана қоймай, адам өмірін құтқаруға да мүмкіндік береді. Әңгіме ТҚАІ диагнозы қойылып, уақытында ем алғанның арқасында белсенді әрі толыққанды өмір сүріп, отбасын құрып, жұмысын істейтіннауқастар туралы. Бағдарлама науқастардың ертеңгі күнінесенім сыйлап, аурудың асқынуынан сақтануға мүмкіндік береді. Ал жоба аясындағы тәжірибе алмасу мен ғылыми мәліметтердібіліп отыру денсаулық сақтау саласының мамандарына кәсіби қауымдастық ішінде бұл ауру туралы көбірек мәлімет білуге көмектеседі, бұл қысқа мерзім ішінде диагноз қоюда маңызды рөл ойнайды», – дейді Takeda компаниясының Қазақстандағы директоры Михаил Владимиров.

ТҚАІ – алғашқы иммун тапшылығы тобына жататын сирек кездесетін ауру. Орта есеппен 50 мың адамға шаққанда бір науқас кездеседі. Ауру тұқым қуалайтындықтан, бір отбасында немесе жақын туыстар арасында ТҚАІ диагнозы қойылған бірнеше науқас болуы мүмкін. Дәрігерлердің бағалауы бойынша, Қазақстанда 20 миллион халықтың ішінде 400-дей науқас болуымүмкін, алайда диагнозы қойылып, есепте тұрғандар саны – 82 адам. Бұл 300-ге жуық қазақстандық науқастың ТҚАІ диагнозы анықталмағанын көрсетеді. ТҚАІ ауруы С1 ингибиторының саны азаюымен немесе қызметі бұзылуымен байланысты және әржерде өсу үстіндегі терең ісіктің болуымен сипатталады. Ісікбірнеше сағаттан бастап, бірнеше күнге дейін сақталады. ТҚАІ кезіндегі ісіну көрінісі әдеттегі аллергияның белгілері сияқты, дегенмен бұл аурудың кезінде аллергияға қарсы дәрілер мен антигистаминдер көмектеспейді. Ауру уақытында анықталмаса, дәрігерлер мұндай ісік туралы кеңінен хабардар болмаса, бұлТҚАІ бар науқастардың өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Ісіктің алдын алу және емдеу үшін тиісті ем алу қажет. Бұл ауру кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, дегенмен бірінші рет көпжағдайда туғаннан бастап 10 жасқа дейін белгілі болады. ТҚАІ диагнозын анықтаудың төмен болуының себебі көбінесебұл аурудың сан қырлы болып келуімен байланысты. Аурудыңкөрінісі әдеттегі аллергиялық ауытқуға ұқсайды, басқа да көптеген ауруға ұқсастығы көп, бұл көп жағдайда диагноздыңкеш қойылуына және науқастар арасында өлім деңгейінің жоғарыболуына алып келеді. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев университеті University Medical Centerклиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, иммунолог дәрігерлердің «Қазақиммун тапшылығы қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ҚР ДСМ бас штаттан тыс аллергологы Елена Ковзельдіңайтуынша, медицина қызметкерлері үшін ТҚАІ ауруынуақытында анықтап, нақты диагноз қоюдың маңызы әрқашанжоғары.

- Бұл аурудың клиникалық бейнесі әркелкі болуына жәнедәрігерлердің орфандық ауруларға қырағы қарамауынабайланысты ТҚАІ ауруы бар науқастардың өлім қаупі арта түседі. Ең негізгі проблеманың бірі, жалпы практика дәрігерлерімен терапевт, гастроэнтеролог, хирург, ЛОР дәрігерлер, жеделмедициналық жәрдем қызметкерлері мен басқа да мамандардыңТҚАІ туралы жеткілікті хабардар болмауы. ТҚАІ белгілері сан қырлы және басқа көптеген аурудың көрінісіне ұқсас, сондықтанаурудың алғашқы белгілерінің байқалуы мен нақты диагноз қоюдың арасында 8 жылдан 20 жылға дейін уақыт өтуі мүмкін. Науқастардың 80%-ы диагнозы анықталмаған күйі қалады, еңбасты қауіп те осы. Ауруы анықталмаған науқастарарасындағы өлім деңгейі 30% болса, уақытында диагноз қойылып, ем алғандар арасында бұл көрсеткіш 3% ғана. Қазіргітехнологиялар ауруды уақытында анықтап, емді бастауғамүмкіндік береді, сондықтан бұл дәрігерлер қауымына ашықболуы өте маңызды», – дейді Елена Ковзель.

ИНВИТРО – 1995 жылы құрылған, зертханалық диагностика және медициналық көмек көрсетуге маманданған жетекші жекеменшік медициналық компаниялар тобы. Негізгі артықшылығы – халықаралық сапа деңгейі, жоғары дәрежедегі қызмет және жоғары технологиялық инновация шешімдері, ал науқастардың денсаулығына қамқорлық – ИНВИТРО жұмысындағы негізгі басым бағыт. Компанияның медициналық кеңселері Шығыс Еуропадағы ең ірі желінің бірі (1900-ден астам), оның кеңселері 5 елде орналасқан, 7 ең соңғы үлгідегі зертхана кешені бар, онда күн сайын 1 000 000 зерттеу жүргізіледі.