Елордада қалай онлайн жұмысқа орналасуға болады

Елордада қалай онлайн жұмысқа орналасуға болады

ашық дереккөзі

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының 117 инфрақұрылымдық жобасы бойынша бірнеше апта ішінде 78 жұмыс берушіге 2 370 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. width= «Сіз cz.astana.kz порталының DKZ 2020 бөлімінде жобалардың тізімін қарап, өзіңізге сәйкес бос жұмыс орынын таңдай аласыз», – деп жазды қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің https://t.me/MBekturova телеграм арнасында. Сонымен қатар бұл қызметті офлайн режимде алуға болады. Ол үшін Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыспен қамту орталығына онлайн-кезекке тұру қажет. Әрі қарай маман бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып, жұмыс іздеуші ретінде тіркейді және әңгімелесуге жолдама береді. Толық ақпаратты «Атамекен» ҰКП мобильді жұмыспен қамту орталықтарынан, мына мекен-жайлар бойынша алуға болады: Бөгенбай батыр даңғылы, 6/5; Алаш тас жолы 31/1; Гете көшесі, 1; Н. Тілендиев даңғылы 24; Абылайхан даңғылы, 31; Ш.Уәлиханов көшесі, 24; Қабанбай батыр даңғылы, 21; Шалкөде көшесі, 1. материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Жүктелуде...