Қазақстанға шілденің басында Си Цзиньпин келеді
Қытай халық Республикасының төрағасы Қазақстанға келеді
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 2 шілдеде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, биылғы 2-4 шілде күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
"Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады", - делінген ресми хабарламада.