Жаңалықтар

Шым қаланың  емшісі асырап алған 6 баласын азаптап, ит пен мысықтың етін жегізген

53 жастағы ер адам 6 рет шаңырақ көтергендігі анықталды

Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін дәрігердің емес балгердің қабылдауына жазылған дәурен болғаны рас. Ақпарат қарыштаған заманда балгердің дәуірі бұрынғыдай емес. Асыранды балаларды азаптаған емші жайын Koremiz бағдарламасы кеңінен ашты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Айта кетелік, бұл жайтты асыранды балалардың үлкені жайып салды. Емші Астана, Шымкент және Алматы қалаларынан 6 баланы асырап алған. Оларға ит және мысық етін жегізіп, өз зәрін ішкізіп, қорлапты.

Жұрт көзсіз сенген тырнақша ішіндегі Шымкенттік әулие Ұлықбек Смановқа ауыр айып тағылды. 53 жастағы ер адам 6 рет шаңырақ көтергендігі анықталды. 

Ең сорақысы өзін әулие атайтын емші бұрын істі болған. Тіпті ақыл есі кем адамдардың қатарын толықтырған.
Қазіргі таңда, Ұлықбек Смановтың соты өтті. Бірақ оның созылмалы психикалық ауруына байланысты сот қатыгез емшіні түрмеге емес, жындыханаға жіберді.

                            
                                                Перизат Жайырбек