БҰҰ бас хатшысы Қазақстанға келеді
Астанада 4 шілдеде бас хатшы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады
БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Орталық Азия елдеріне сапарлап барады. Тур аясында ол Қазақстанға келуге ниетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы БҰҰ ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмада Нью-Йоркте өткен брифингте оның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик ұйымның бас хатшысы Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Түрікменстанға баратынын айтып, хабардар етті.
Оның айтуынша, әр елде Гутерриш мемлекет басшыларымен және үкіметтің басқа да жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күреске байланысты жобалармен танысады және жергілікті белсенділермен сөйлеседі.
Турдың алғашқы аялдамасы – Өзбекстанның астанасы Ташкент болмақ. Астанада 4 шілдеде бас хатшы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады.
"Гутерриш өз сөзінде форум қатысушыларына БҰҰ Жарғысына және адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына негізделген көпжақтылық қағидаттарына бейілділігін растау қажеттігін еске салады. Ол бұл күш-жігердің орталығында бейбітшілікке ұмтылу керек екенін атап өтеді. БҰҰ бас хатшысы сонымен қатар халықаралық қауымдастыққа геосаяси келіспеушіліктер жалпы қауіптерді, соның ішінде климаттың өзгеруімен күресуді тиімді жоюға мүмкіндік бермейтінін ескертуге ниетті", - делінген хабарламада.