А. Вакар Брэдфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD докторы дәрежесін алған,-деп хабарлайды newsroom.kz
Доктор Вакар өзінің мансап жолында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген.
2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания Премьер-Министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарған.
2017 жылдан бастап Абу-Даби университетінің ректоры болды. Ол басшылық еткен жылдары Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілді.
Сонымен қатар ол – беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.