“Ұрғанына өзімді кінәләдім”: Нұрилла Ақберген отбасылық өмірі жайлы айтты
Ажырасуға түрткі болған жағдай жұдырық ала жөнелу болған көрінеді
Танымал блогер және кәсіпкер әрі журналист Нұрилла Ақберген “Kozqaras podcast” атты YouTube жобада экс күйеуімен болған қарым-қатынасымен бөлісті, -деп хабарлайды newsroom.kz
Нұрилла ханымның айтуынша ажырасуға түрткі болған жағдай жұдырық ала жөнелу болған көрінеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған арудың экс күйеуі “Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы.
“Отбасында алғашқы баланы дүниеген әкелген соң таяқ жеп келдім”-дейді нәзік жанды. Онымен қоса, үйдің жауапкершілігі және азық-түлік өзінің мойнында болғанын жасырмады.
"Ажырасқан соң қаржылай көмек бермеді"- деп Нұрила ханым ағынан жарылды. Қазіргі уақытта ол Ғабит Бибасыұлыдан балаларға деген көмек жоқ екенін баса айтты.
Айта кетелік шығарылымға пікір қалдырған адам саны жетерлік.
“Түсінген адамға терең подкаст“, “Мықты қыз”, “Осы тақырыпты ашып айтқаныңызға рақмет”, “ Өзі сондай тәрбиелі, ақылды қыз”-деп пікір қалдырды қалың жұрт.
Перизат Жайырбек