Тоқаев: Атом электр станциясын салу бойынша референдум биыл күзде өтеді

Президент БАҚ саласындағы қызметкерлерді марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Тоқаев елімізде атом электр станциясын салу туралы соңғы шешімді халық қабылдайтынын атап өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Президент БАҚ саласындағы қызметкерлерді марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. 

“Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр станциясын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек”, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы аталмыш мәселеге қатысты референдум биыл күзде өтетінін айтты.

“Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды", – деп сөзін қорытындылады президент.

Жүктелуде...