Sportroom

М. Базарбайұлы: Парижге тек алтын үшін барамын

Дәл осы спорттық бағыт бойынша 10 лицензия жеңіп алдық

Париж Олимпиадасында бокстан ел намысын қорғайтын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы дайындық барысы жайында айтты. Әсіресе, жазғы ойындарға медаль үшін, оның ішінде алтын үшін ғана баратынын алға тартты. Бұл жөнінде ұлттық құрама өкілі «Спорт Министрі» YouTube арнасына берген сұхбатын мәлімдеді,-деп хабарлайды  newsroom.kz

 

«Қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. Чемпион болу үшін еңбек етудеміз. Қазір жасым 21-де. Яғни, командадағы ең жас боксшымын. Соған қарамастан, Парижде топ жарғым келеді. Өйткені, олимпиада мен үшін бокстың ең шыңы саналады. Бала кезден соны бағындыруды армандадым. Енді іске асыратын уақыт жетті» - деді Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. 

Айта кетейік, боксшыларымыз қазір Алматыда дайындалып жатыр. Дәл осы спорттық бағыт бойынша 10 лицензия жеңіп алдық. Оның 7-еуі ерлерге тиесілі. Яғни, қазақстандық жігіттер барлық саламақта өнер көрсетеді. Ал, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіде бақ сынайды. 

Бас демеуші - «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
Серіктес - SportQory.