10 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

10 Наурыз, 2020 161 0

1710 жылы "География немесе жер шарының қысқаша сипаттамасы" атты алғашқы географиялық кітап орыс тілінде жарық көрді;

1878 жылы Женевада Тарас Шевченконың "Кобзарь" жинағы қалтаға сыятындай кішкене кітапша түрінде басылып шықты;

1905 жылы Лондонда "Челси" футбол клубының негізі қаланды;

1910 жылы Қытайда құлдыққа тыйым салынды.

Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1932 жылы Ақтөбе облысы құрылды;

1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) құрылды;

2005 жылы Қарағанды қаласындағы көшелердің біріне Қазақ ССР құрметті кеншісі Оразалы Шәкіровтің есімі берілді;

2010 жылы Семейде орталық қызметкерлері Әзілхан Нұршайықовтың майданнан жазылған бірегей хатын тапты;

2015 жылы алматылық ғалымдар қартаюды баяулататын "Ювелакс" препаратын жасап шығарды.

Наурызда әлемде туған танымал тұлғалар

1940 жылы америкалық кино әртісі әрі жауынгерлік өнердің шебері Чак Норрис дүниеге келді. Әлемге атыс-шабыс жанрындағы фильмдерде басты рөлдерді сомдау арқылы танылды.

1958 жылы америкалық модель және кино әртісі Шэрон Стоун өмірге келді (фильмдері: "Знать бы, что я гений", "Агент Икс").

1984 жылы америкалық кино әртісі Оливия Уайлд туды (фильмдері: "Доктор Хаус", "Американский папаша!").

Қазақстанда кімдер туды

1923 жылы кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сұлтанахмет Қожықов дүниеге келді;

1934 жылы жазушы, филология ғылымының кандидаты Бекежан Тілегенов өмірге келді;

1945 жылы актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі Құман Тастанбеков туды;

1964 жылы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ербол Сыпатаев дүниеге келді;

1982 жылы қазақстандық бизнесмен Ғалымжан Есенов өмірге келді. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Тегтер: 10наурыз, тарих, оқиға, наурыз, атаулыдата

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.