Дархан Сатыбалды Сайрам ауданы тұрғындарымен кездесті
Биылғы 4 айдағы атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыстың, ауданның даму бағыты туралы ой қозғап, өзекті мәселелерді де екшеді. Сайрамдықтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Кездесуде аудан әкімі Арман Сәбитовтың жыл қорытындысы мен биылғы 4 айдағы атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.
Кездесу барысында тұрғындар облыс әкіміне инфрақұрылым және өзге де әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша өтініштер түсті.
Одан кейін облыс әкімінің жеке қабылдауы өтті. Оған басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары да қатысып, тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Көтерілген мәселелер мен арыз-шағымдар назарға алынып, тиісті жұмыс жүреді.