Жаңалықтар

Ауғанстанға ауған қазақ жұрты жайында не білеміз?

Деректерге сүйенсек жағдай мәз емес көрінеді

Басына небір күн туып, қазақтың тарихында таңба болған тайталас кезеңдер өткені екі бастан белгілі. Сын сағатта көшпелі жұрт шет жаққа бас сауғалап, босқан жұрттың пана іздегені ащы болсын ақиқат.Аталмыш көштің басын қазақ жұрты Ауған жеріне “Ақтабан шұбырынды” жылдары бұрған көрінеді. Бертін келе бір ғасыр бұрынғы ашаршылық ауырлығы себеп болғанын баса айтты ағайын. Ел ес жиып, етек жинаған уақытта ата бауырмен қауышқылары келетінін айтып дабыл қағуда. 

 Ағайынның ақиқатын естіп, ақпаратпен хабардар болуды мақсат еткен саяхатшы бейнежазбада Ауғанстандағы  Бағлан және Мазари- Шариф қыстақтарына  аттанып, ондағы тыныс-тіршілікпен  танысып қайтты. Деректерге сүйенсек жағдай мәз емес көрінеді.  Қазақ емес ауған тақиясын киіп, үстіне ауған шапанын жамылған жұрт мектепте емес медреседе білім алатындығы анықталды. Қай күн екенін білмейтін сауаты ашылмаған, хат танымайтын жұрттың жайы елді шошытқаны рас. 

Қалың жұрт күн көрістің қамы деп егіншілікпен етене айналысудан басқа кәсіп түрі тапшы. Өнімді өнімге айырбастап атқан таңнан қара кешке дейін еңбек етумен қатар жағдай деңгейі төмен аумақта өмір сүруге қауқарлымыз деп іштен тынды. 

Тіршілігі дінмен сабақтас далада саяхатшы әйелдер қауымымен сұхбаттасу қиынға соққанын жасырмады. Нәзік жандылардың бөтенге бет қаратпауы заңдылық аумақта, бұл жайтты естен шығармау абзал екенін  ұғынуға мәжбүр болғанын  айтып ағынан жарылды. Айтпасақ сөзімізге сын өзге жерге табан тіреген жұртқа күш көрсетілетіні дәлелденгендей. Дін жолымен жүрмесе, қатын- қалаш жүзін жасырмаған жағдайда , дәстүрлі  дүниені қолданса ісіне сай жаза жүргізілетіні жайлы  ақпараттармен бөлісіп жай жапсарын жеткізді. 

Тіл мәселесінің орны бөлек екені рас. Не ауған емес не қазақ емес тілдері бұрмаланған жұрттың жөні оңай емес. Ертеңгі уақытта мен қазақпын деп бір есікті қақса, сене қою екі талай екенін атап айтқан жөн. Алайда иісі қазақ баласы материалдық дәстүрлі дүниелерді көз қарашығындай сақтайтындығын айтып ақтарылды. Егерде мүмкін болса қазақ екенімізді дәлелдейтін дүние жеткілікті деп  ағайын жұрт кесіп айтты.

                                               
                                                Перизат Жайырбек