Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Азамат Әмрин көлік салығын төмендету туралы ұсыныс айтты

Азамат Әмрин зейнеткерлерге де арнайы жеңілдіктер қарастырылатынын атап өтті

Азамат Әмрин  көлік салығын төмендету туралы ұсыныс айтты
Фото: pixabay.com

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының отырысында көлік салығын төмендету туралы ұсыныс айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Барлық жеке тұлғаларды толғандыратын нәрсеге назар аударамын. Бүгінде екінің бірі жеке көлігімен жүреді. Енді біз барлық жеке тұлғалар үшін көлік салығы ставкаларын төмендетеміз. Атап айтсақ, 10 жылдан астам қолданыстағы көлікке – 30%, ал 20 жылдан астам қолданыстағы көлікке 50%-ға дейін төмендетіледі”, – деді Азамат Әмрин.

Азамат Әмрин зейнеткерлерге де арнайы жеңілдіктер қарастырылатынын атап өтті.

“Зейнеткерлер үшін біз жеке табыс салығы ставкасын төмендетеміз. Бүгінде осы іспеттес негізгі ұсыныстар келді”, –деп түсіндірді вице-министр.