Жаңалықтар

Түркістанда 800 га-дан астам жер мемлекетке қайтарылды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде 137 белсенді еріктілер қатарына қосылып, олар тұрғындар үшін өзекті мәселелерді көтеріп, шешімін қарауда өз үлестерін қосуда,-деп хабарлайды newsroom.kz

Атап айтқанда, Антикор еріктінің көтеруімен Төлеби ауданы Қарақия ауылындағы 819 га жайылымдық жер учаскесі мемлекеттік арнайы қорға қайтарылып, жеке тұлғалардың меншігіне өтіп кету фактісінің алдын алынды.

Бұдан бөлек, Жоба еріктісінің бастамасымен 7 ай бойы «Жастар практикасынан» өту жолдамасын ала алмай жүрген медициналық мамандығы бар өңірдегі 39 түлек меңгерген мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға жолдама алды.

Бұл жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретін бағдарлама.