Аймақтар

Жазықсыз жануарды тірілей өртеп жіберді (+ВИДЕО)

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды newsroom.kz

19 маусым күні сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде жануарды қатыгездікпен өлтірген 2003, 2007 жылы туған күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 2003 жылы туған күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.