Жаңалықтар

Түркістандықтар жылуға артық төлем жасап келген

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының Түркістандық еріктілері жылу жүйесіне мониторинг жүргізу барысында Түркістан қаласындағы 32 көпқабатты тұрғын үйдің 2265 тұрғыны жылуға 12,8 млн теңге артық төлегені анықталды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Атап айтқанда, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерде есептеу құрылғыларының орнатылғанына қарамастан, тұрғындарға жылу энергиясының құнын шаршы метрмен қымбат есептеу деректері белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынуымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жылу энергиясы үшін құрылғының есебіне сәйкес төлемақылар қайта есептелді.

Естеріңізге салсақ, жылуға байланысты өзекті мәселелер әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешу үшін әзірленген өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген.

Айта кетейік, «Сыбайлас жемқоролыққа қарсы волонетрлік» жобасы аясында еріктілер қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру, pro bono (кәсіби көмек көрсету) және корпоративтік еріктілік бағыттары бойынша ортақ іске үлес қоса алады.