Аймақтар

Маңғыстаудың экс-әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін бұл қызметті Асқар Тәжібаев атқарған еді

Маңғыстау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаев Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды newsroom.kz

“Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды”, –  деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін бұл қызметті Асқар Тәжібаев атқарған еді.

Сондай-ақ Тоқаев Азамат Әбдіраимовты Қазақстанның Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындады.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 1993 жылы И. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын тау-кен инжинері мамандығы бойынша бітірді. 

2007 жылдың қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің экономика, қаржы және мұнай-газ секторы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болды.

2012 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2016-2019 жылдары аралығында Атырау облысының әкімі. 2019 жылғы 18 желтоқсан — 2021 жылғы 7 қыркүйекке дейін Энергетика министрі.

2021 жылдың 7 қыркүйегінен 2024 жылдың мамырына дейін Маңғыстау облысының әкімі болды.