Жаңалықтар

Түркістанда нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды

Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Ал полицейлер жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді

Түркістан қаласында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық әкімдік және бейінді мекемелері ұйымдастырған, 26 маусым-Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай бір айлық іс-шараның ашылуы өтті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ашылуы салтанатына Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысты. Сондай-ақ кездесуге оқушылар, студенттер және облыс орталығының жастары, жалпы барлығы 500-ге жуық адам қатысты.

Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Айта кетсек, 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымының 289 фактісі анықталды. Оның ішінде есірткі сатудың 12 фактісі және есірткі контрабандасының 64 жағдайы тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 кг есірткі заттары тәркіленді. Синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 ақпараттық сайт бұғатталған.

Ұйымдастырушылар өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында, іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті. Еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін тынымсыз еңбек етуге шақырды.

Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Ал полицейлер жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.