Желіге күдікті сурет жүктеген әйел айыппұл арқалады
Діни қызмет және діни бірлестіктер заңнамасын бұзған әйел айыппұл арқалады
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, - деп хабарлайды newsroom.kz
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінен білгеніміздей, азаматша А. «В контакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына діни мазмұндағы сурет жүктеп, ашық түрде орналастырған.
А.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, маман қорытындысымен, сауалнама хаттамасымен расталады.
Сот қаулысымен А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, 129 220 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.