Тайландта қазақстандық балалар жоғалып кеткен бе?
Тайландта қазақстандық балалардың жоғалуына қатысты фейкке түсініктеме берілді
Қазнетте қонақ үйдің бөлмесінен жасырын есік тауып алған адамдардың ескі фейк видеосы тағы да тарады. Ол арқылы басқа бөлмеге өтуге болады. Адамдардың пайымдауынша, осы есік арқылы қылмыскерлер балаларды ұрлайды, мұндай жағдайлар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінде болып тұрады екен, - деп хабарлайды newsroom.kz
Ресми stopfake.kz мәлім еткендей, Таиландта Қазақстаннан келген балаларды ұрлайтыны туралы жалған ақпарат 2024 жылдың наурыз айында таралған. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жоққа шығарғаны туралы бірқатар БАҚ жазды.
Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, «бұл жаңалық – фейк және ол бірнеше жылдан бері тарап келеді. Кейде ТМД елдерінде де жарияланады. Биыл соңғы үш айда біреулер осы «жаңалықты» көп таратып жүр.
«Бұл әлеуметтік желілерде бірнеше жылдан бері жүрген өте ескі фейк, «жоғалған» балалардын ата-аналарымен қалай байланысуға болатынын ешкім де айта алмайды. Осы жылдар ішінде бірде-бір ата-ана, бірде-бір бала анықталған жоқ», – дейді ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ал, жасырын бөлмегні әріптесіміз Factcheck.kz әшкерелеген. Видео Түркиядағы Holiday Inn Istanbul Old city қонақ үйінде түсірілген. Шындығында есіктің ар жағында техникалық бөлме орналасқан. Оны бір жыл бұрын жауып, мөрлеп тастаған. Қылмыскерлердің бұл есікті балаларды ұрлау үшін пайдаланғанына ешқандай дәлел жоқ.
Дегенмен, қазақстандықтар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, балаларды қараусыз қалдырмаған жөн, әсіресе шет елде жүргенде.