Депутат Ескі Қазақстандағы рейдерлік туралы айтты
Саировтың айтуынша, 2000-жылдардан бері Ескі Қазақстан өкілдері жүйелі түрде кәсіпкерлерден табысты бизнесті тартып алып отырды
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министр мен бас прокурорға жолдаған сауалында Ескі Қазақстандағы рейдерлік жолмен басып алулар туралы айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Саировтың айтуынша, 2000-жылдардан бері Ескі Қазақстан өкілдері жүйелі түрде кәсіпкерлерден табысты бизнесті тартып алып отырды.
"Билікте болған адамдар оларға ешқандай жаза болмайтынын қолданып, барлық құқықтық және моральдық нормаларды елемей, біреудің адал кәсібін озбырлықпен тартып алды. Мұндай "қара" жүйені Рахат Әлиев пен оның жақтастары қалыптастырды", - деді Ерлан Саиров Мәжілістің жалпы отырысында.