Жаңалықтар

Алматыда университет аумағындағы субұрқақ жанында жігіт өлі табылды

Алматыда университет аумағындағы субұрқақ жанында жігіт өлі табылды, деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиға ҚазҰУ маңындағы субұрқақ маңында орын алған. БАҚ мәліметінше, марқұм жігіт университет студенті емес.

Алдын ала мәлімет бойынша, жігіттің жүрегі тоқтап қалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Аталған факті бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полицияда.