Үкімет қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақыларын индекстеуге сөз берді

10 Наурыз, 2020 294 0

Премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында теңгенің жаңа бағамы мен инфляция дәлізін қайта қарау есебімен зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеу жүргізілетін туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ Tengrinews-ке сілтеме жасап."Міндеттемелердің толық орындалуы қамтамасыз етіледі. Инфляция дәлізін қайта қарауды ескере отырып, зейнетақыларды,жәрдемақыларды, АӘК-ді индекстеу қабылданатын болады. Сонымен қатар, теңге бағамына байланысты бірқатар шығындарды индекстеу талап етіледі. Бұл үкімет борышына қызмет көрсету, ТМККК шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тағы басқалар",- деді министр.

Үкімет республикалық бюджеттің шығындарын оңтайландырады.

"Оңтайландыру бағыттары анықталды. Біріншіден, бұл қымбат жиһаз бен көліп сатып алу, семинарлар, форумдар және басқа да имидждік іс- шаралар өткізу. Осы шығындар бойынша жұмыс жүргізілді",-деді Әлихан Смайылов.

Ал екінші басым емес шығындар, кейінге қалдыруға болатын жобалар мен іс-шаралар, сондай-ақ кейінге қалдыру шарттары бар бюджетке енгізілген жаңа жобалар. 

Айта кетсек, экономикадағы индекстеу - бұл шарт сомасын, несиені, жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, салымдарды тұтыну бағаларының индексіне байланыстыру арқылы инфляциядан қорғау.

Тегтер: ӘлиханСмайылов, инфляция,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.