Жаңалықтар

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күн бойы қалыптасқан аптаптың беті қайтады, 22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады. "Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, жаңбыр жауады, найзағай, кейбір аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты дауыл болжанады. Ал республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда күндізгі конвекция әсерінен әлі де тұрақсыз ауа-райы болады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды", - дейді мамандар.