Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева негізін қалаған институт 2023 жылғы ребрендингке дейін «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» деп аталып келді. Енді Үкіметтің қаулысына сәйкес институт мемлекеттің меншігіне өтіп отыр, – деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Мемлекет меншігіне қайтарылған инcтитут бұдан былай «Өркен» балалар саламаты ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты деп аталады.
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізіміне енгізілсін», - деп жазылған Үкімет қаулысында.
Айта кетейік, Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап "Өзін-өзі тану" міндетті пән ретінде енгізілді. Алайда бұл бағдарлама 2022 жылы заң жүзінде өз жұмысын тоқтатқан болатын.