Mail.ru ҰСА ескі фотолары арқылы жеке басын анықтайтын жобаны іске қосады

10 Наурыз, 2020 95 0

 Mail.ru Group "Лицо Победы" атты жобасын іске қоспақшы. Оның мақсаты желідегі ескі суреттері арқылы Ұлы Отан соғыс ардагерлерін жаңа технологияның көмегімен  жеке басын анықтау, - деп жазады Informburo.kz.
    Жобаны "Mail.ru" поштасын  Mail.ru Cloud Solutions-ды, сондай-ақ "Одноклассники" және"В контакте" желілерімен бірлесе атқармақшы. Осылайша желіге жүктеген ескі суреттер арқылы олардың туған- туыстарын табуға болады. Компания "Vision" атты программаның көмегімен секунд ішінде ақ-қара немесе сапасы төмен суреттерден жеке басын анықтай алатындығын алға тартады. 
     "Лица Победы" қатысушылар дүниежүзі бойынша соғыс ардагерлерін, олардың отбасыларын табуға көмектеседі. Сонымен қатар олармен пошта немесе әлеуметтік желіде хабарламалар арқылы сөйлесе алатын болады. Жобаға соғыс кезіндегі ескі суреті бар кез-келген адам қатыса алады. Оған арнайы 9may.mail.ru-ға, "Одноклассники" және"В контакте" ескі суретті сайттың архивіне жүктеу керек. 
    Суреттерді жинақтау 11 наурыздан басталады. Бұл архив Жеңіс музейінің халықаралық тарихи қорында сақталатын болады.

Тегтер: Mail.ru, одноклассники, вконтакте

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.