Жаңалықтар

Қостанайда діни терроризмді насихаттаумен айналысқан ер адам қамауға  алынды

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Ол радикалды діни идеологияны ұстанған. Сонымен қатар жүрген ортасы мен әлеуметтік желілерде шариғат жолын желеу етіп зорлық - зомбылыққа шақыратын материалдар таратқан,- деп хабарлайды newsroom.kz

Енді күдікті терроризмді насихаттағаны үшін 12 жылға, діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.