Атырауда көшедегі жанжал соңы қайғылы оқиғамен аяқталыпты

Бейнежазбаға қарағанда, екі ер адам арасындағы жанжал көлік тұрағына ұқсас жерде болған

Атырауда екі ер адамның арасындағы жанжал соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Оқиға сырттағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Атырау Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, күдікті ұсталған, - деп хабарлайды newsroom.kz 

Бейнежазбаға қарағанда, екі ер адам арасындағы жанжал көлік тұрағына ұқсас жерде болған. Кадрларда ер адамдардың бірі екіншісін жұдырықпен ұрып жатқанын көруге болады. Екіншісі жауап қайтармайды. Ақ киімді ер адам соққы жасауын жалғастырып, қарсыласының бетінен ұрады, бір мезетте ол құлап қайта тұрмайды.

Жүктелуде...