Аймақтар

Биыл Құлсары қаласын абаттандыру бағытында 3 ауқымды жоба жүзеге асырылады

 Құлсары қаласындағы ықшамаудандардың аулалары абаттандырылады. Бұл жұмыстар аясында аулаішілік жолдарды жөндеу, автотұрақтар салу, балалар ойын алаңын, спорт алаңдарын, баскетбол, футбол алаңдары салынуда,- деп хабарлайды newsroom.kz  порталы Атыпрау облысы ТЖ жедел штабына сілтеме жасап.

Сонымен қатар қаланың 11 ықшам ауданында әмбебап балалар ойын алаңдары және қаланың 38 көшесінде жаяу жүргіншілер мен веложолдар салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, - деді қала әкімі Қадіржан Адинов.

Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы күз мезгілінде аяқталады деп жоспарланып отыр.