ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанар Айжанованың қызы, актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісінің түрін көрсетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Ол сүйіктісімен бірге түскен бірнеше видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Енді жасырудың қажеті жоқ", - деп жазды актриса.
Айта кетейік, Айжұлдыз бұрын мобилограф Қыран Талапбекке тұрмысқа шығып, некесі сәтсіз болған. Екеуінің Назар есімді ортақ ұлдары бар.
Блогердің ендігі таңдауы Сәкен Қағаров есімді экстрим-блогерге түскен. Желі қолданушылары актрисаға бақыт тілеп жатыр..
"Қасиеттерін қуаттар, қанат берер бақытты жұп болыңдар", "Біз білдік", "Сендер үшін қуаныштымын", "Бақыт тілейміз", "Сәкен, бағың бар екен", - деп жазды оқырмандар.