Bereke Bank сатылымы: қатарлық инвестор мәмілені қашан аяқтайды?
Қизатовтың айтуынша, қатарлық инвестор Lesha Bank Bereke Bank-ті сатып алатыны туралы шешім қабылданып қойған
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов қатарлық инвестор қашан Bereke Bank иесі болатынын айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz
Қизатовтың айтуынша, қатарлық инвестор Lesha Bank Bereke Bank-ті сатып алатыны туралы шешім қабылданып қойған.
"Рәсімдік тұрғыдан алғанда, жақын арада, осы айдың аяғында немесе келесі айдың басында қатарлық инвесторлар банк холдингі мәртебесін алу үшін құжаттар пакетін береді деп күтіп отырмыз", - деді Олжас Қизатов ОҚК брифингінде.