Ақтөбеде 5 жасар бала терезеден құлап мерт болды
Бес жасар бала терезеден құлап мерт болды
Ақтөбеде жазатайым оқиға болды. Бес жасар бала терезеден құлап мерт болды, - деп хабарлайды newsroom.kz
Бала бөлмесінде ойнап жүріп, көп қабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.
"Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапты. Өкінішке қарай, мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлады, салдарынан бір бала көз жұмды", - деп жазылған өңірлік ПД хабарламасында.