Сайлауға түспеші деп ақша ұсынғандар болды – Ринат Зайытов
Келіссөз жүргізген өзімнің досым,-деді ол
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов 2023 жылы сайлауға түскісі келіп жүргендер біреулер ақша ұсынғанын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Ринат Зайытов Qazaq AIRAN ютуб-арнасына берген сұхбатында «Ерлан Қошанов болмағанда «Аmanat» партиясына баспайтын ба едім» дейді. Журналист «Ринат депутаттыққа түкен кезде ақша беріп, бармай-ақ қойшы дегендер болды ма?» деп сұрады.
«Болды. Кімдер екенін айтпаймын. Келіссөз жүргізген өзімнің досым. Сайлауға түспей-ақ қойшы, екіншіден, өтпей қалсаң, шулатпай-ақ қойшы деген екінші талабы болды. Бар ғой сөйлесетін адамдары. Сол жерде әңгімелескенде «одан кейін ешқайда осы әңгіме шықпай-ақ қойсыншы» деген келісім болды», - дейді Ринат Зайытов.
Депутат сұхбат барысында қанша ақша ұсынғанын айтпайды. Алайда шығарылымның түсіндірмесінде «Заитовқа 200 мың доллар ұсынған кім?» деп жазылған.