Жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың ағасының үстінен іс қозғалған – ІІМ басшысы не дейді

Ішкі істер министрі іс қозғалғанымен, нақты бір адамға байланысты қозғалмағанын айтты

Ішкі істер министрі іс қозғалғанымен, нақты бір адамға байланысты қозғалмағанын айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қылмыстық іс қозғалғанын растады, оның ішінде фигурант ретінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді де бары айтылады.

“Іс жалған ақпарат фактісі бойынша қозғалды. Іс бар, бірақ нақты адамдарға қатысты емес. Біз дәлелдерді тексереміз”, - деп жауап берді Сәденов.

2 маусымда қазақстандық саясаткер, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Youtube арнасында Айтбек Амангелдіге қарсы іс қозғалғанын мәлімдеген еді. Алайда Амангелді өзі бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын көрмегенін айтты.