Ермек Кенжеханұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Newsroom.kz
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Ермек Кенжеханұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.
1988 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Рединг университетінің (Ұлыбритания) ауыл шаруашылығы факультетін "агробизнес менеджмент" мамандығы бойынша және Аджу (Корея) университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.