Үкіметтегі ауыс-түйіс: болжамдар басталды
«ЖК Дипломат» каналы жуырда орын алатын кадрлық алмасулар туралы бүгін жазғанын айта кету қажет
Қазақстандағы саяси өмірдің барометріне айналған телеграм каналдар жуырда орын алатын өзгерістер жайлы тағы да бал аша бастады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы diplomat-zhk-ге сілтеме жасап.
Мәселен, «ЖК Дипломат» каналы жуырда орын алатын кадрлық алмасулар туралы бүгін жазғанын айта кету қажет.
Аталмыш каналдың жазуынша, жуырда ғана премьер-министр болған Олжас Бектенов қысқа уақыттың ішінде өңірлерді аралап, адамдармен танысып, жүйелі жұмысты қойып алған.
Қазір Үкімет алдында сағат сайын шешілуі тиіс жұмыстар тұр деп жазған телеграм канал Бектеновтің аппарат басшысы Ғалымжан Қойшыбаев оңтүстік өңірлердің біріне әкім болып кетуі мүмкін деп жазады.
Қаншама жылдан бері ел премьерлерінің айнымас орынбасары болған Роман Склярға солтүстік өңірлердің бірінің басшылығын болжаған бұл канал ел саясатындағы жаңа министр Қанат Шарлапаевты вице-премьер болып кетуі мүмкін дейді.
Саясат Нұрбек жыл соңына дейін өз орнында қалады деген «ЖК Дипломат» каналы Тамара Дүйсеноваға қатысты да өз болжамдарын жазыпты...
Нақты не боларын алдағы күндері көрерміз...