Кадрлар

Бектеновтің протокол басшысы тағайындалыпты

Расул Тынысбаев 1990 жылы Алматы облысында дүниеге келген

Расул Тынысбаев ҚР Премьер-Министрі хаттамасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Расул Тынысбаев 1990 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің" маманы қызметінен бастады.

Әр жылдары Еуразиялық интеграция департаментінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде, ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметінің дипломатиялық корпусының үшінші хатшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылдан - ҚР Президенті хаттамасы қызметінің референті, сарапшысы. 2024 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Премьер-Министрі хаттамасының басшысы болып тағайындалды.