Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Жер сілкінісінің күші - 4,4 балл

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Астана уақытымен сағат 10:13-те жерасты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Бішкектен солтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің күші - 4,4 балл.