Жаңалықтар

Синоптиктер елімізде күн қайта күрт ыси бастайтынын болжайды

29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай?

Синоптиктер алдағы сәрсенбі - 2024 жылы 29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды newsroom.kz

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ауқымды антициклон республикамыздың батыс және оңтүстік өңірлерінде өз әсерін сақтап, күн райы жауын-шашынсыз болады.

"Еліміздің қалған аумағы әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, күн райы жауын-шашынды болады. Алматы облысының тауларында, түнде ҚР шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің екпін алуы тән, солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ түседі, батыс, оңтүстік-батыс өңірлерде қатты жел соғады, шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі", делінген хабарламада.