Назым Қаһарман балаларына келгіштеп жүрген Бишімбаевтың туыстарына мәлімдеме жасапты
Балалар 18 жасқа дейін сіздердің сөздеріңізді, пікірлеріңізді тыңдамайды,-деген ол
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы қайын жұрты жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"Балалар 18 жасқа дейін сіздердің сөздеріңізді, пікірлеріңізді тыңдамайды. Егер қаласаңыздар, қазірден бастап арыз жазыңыздар, сосын біз қарым-қатынас құралын белгілейік. Егер қаламасаңыздар өздеріңіз біліңіздер! Балаларымды дүние-мүлік үшін жібергім келмейді.18 жасқа дейін қалағандарыңды істетіп, оларға дүние бергендерің керек емес. Жоқ-жоқ. Мен қазір сіздермен сөйлескім келмейді. Қаласаңыздар адвокат жіберіңіздер. Талап-қызметтер жайлы сөйлесейік. Енді тағы осылай қайталайтын болсаңыздар полиция шақырамын!" – деді ол.