Доллардың бағасы 399 теңгеге көтерілді

09 Наурыз, 2020 152 0

Мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар бағасы 399 теңгеге дейін көтерілді. Ұлттық валютаға мұнай бағасының күрт төмендеуі әсер етті. Бүгін таңертең доллар 390 нан 399 ға дейін сатылды деп хабарлайды kurs.kz. 

Бүкіләлемдік қауіпті індет коронавирус өз әсерін тигізбей қоймады. Індеттің өршуі мұнайдың артылып қалуына әкеліп соқтырды. 6 наурызда ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін азайту үшір басқа елдермен келісуге тырысқанымен оң нәтиже бермеді. Себебін шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, алпауыт Ресей өндірістің қысқаруына қарсы болған. 

Дәл қазіргі уақытта курс бағамы 395 теңге болып тұр.

Тегтер: курс, теңге, баға, доллар, айырбастау, мұнай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.