Димаш Құдайберген Ыстанбұлда концерт өткізіпті

Сахнада түрік музыканттары Халук Левент пен Бурак Йетер қонақ ретінде өнер көрсетті

Фото: dimashnewscom

Димаш Құдайберген өзінің 30 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Ыстанбұлда жеке концертін берді, деп хабарлайды newsroom.kz

42 500 орындық «Бешикташ» стадионында өткен концертке Түркия, Қытай, сондай-ақ, Еуропа, АҚШ, Азия мен Африканың көптеген қалаларынан жанкүйерлер жиналған. Залда ине шаншар орын болмаған.

Әлемге әйгілі әнші қазақ, түрік, ағылшын және қытай тілдеріндегі халықтың ең сүйікті әндерін шырқады.

Сахнада түрік музыканттары Халук Левент пен Бурак Йетер қонақ ретінде өнер көрсетті.

Жүктелуде...