Иманды болсын! Атақты академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті

Төрегелді Шарманов  1930 жылы қазіргі Ұлытау облысында дүниеге келген

Фото: Qaz365.kz

Қазақстан тағамтану академиясының президенті, белгілі диетолог Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды newsroom.kz

Төрегелді Шарманов  1930 жылы қазіргі Ұлытау облысында дүниеге келген. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижеде тәмәмдаған.

Жүктелуде...