Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларының бірінде қар жауады

Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 25 мамырда ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,1 м/с болмақ. Синоптиктердің болжамынша, Астанада қар жауады. Күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,6 м/с болады. Шымкентте бүгін жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз термометр бағаны 27 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,4 м/с деңгейінде болмақ.