Алматы облысында “Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда
Бүгін облыстың 9 ауданында, 2 қаласында абаттандыру, көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Облыс көлеміндегі ауқымды сенбіліктердің бірі Талғар ауданының «Қотырбұлақ» көлінің және «Ой-Қарағай» таулы курортында 200-ге жуық адамның қатысуымен өтті.
Жалпы қазіргі таңда Алматы облысының әкімдігі жыл соңына дейін “Таза Қазақстан” акциясының кешенді жоспары жасақталып, бекітілетін болады.