Шоубиз

Сүйінші! Беркуттың жұбайы Мәдениет саласының үздігі атаныпты

Әнші Бүркіттің жары Аиша "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Бұл жайында эстрада жұлдызы Айбек Жансейітов Instagram желісіндегі парақшасында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жұбайымен бірге хит әндерді орындап, көптің ықыласына бөленіп жүрген Бүркіт желі қолданушыларынан сүйінші сұрады. "Сүйінші! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының "Мәдениет саласының үздігі" марапатына ие болды! Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңіз үшін үлкен рахмет! Менің қуанышымда шек жоқ!" - деп жазды ол. Мәдениет саласының майталмандарына берілетін марапатқа қатысты Аишаның өзі де жазба қалдырды.

"Мәдениет министрлігіне марапат үшін алғыс айтамын. Өте қызық сезім екен. Бұл менің емес, күйеуімнің еңбегі. Құрметті тыңдарман, көрермен, біздің отбасымызға сүйіспеншілікпен қарайтындарыңыз үшін рақмет", - деп жазды ол. Мұны көрген оқырман Аишаны төсбелгісімен құттықтап, ақ тілегін жаудырды. "Керемет биші, керемет ана. Отбасын да, өнерін де бірқалыпты алып жүр", "Нағыз мәдениетті және сұлу әйел", "Құттықтаймыз", "Лайықты марапат. Көзге көрінбейтін қаншама еңбектің арқасы!", "Жастарға үлгі көрсетіп жүрсіздер", "Тек биіктен көріне беріңіздер", - деп жазды жұрт.