Жаңалықтар

Иран президентінің жерлеу рәсіміне Қазақстаннан кімдер баратыны белгілі болды

Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті

Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрагим Раисті жерлеуге Қазақстаннан кімнің баратыны белгілі болды, деп хабарлайды  newsroom.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Парламент Мәжілісінде хабарланғандай, Палата спикері Ерлан Қошанов Иран Президентінің жерлеу рәсіміне Қазақстаннан барады.

"Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша еліміздің атынан спикер жерлеу рәсіміне қатысады", - деп растады Zakon.kz сайтына Мәжілістің баспасөз қызметі.