Жаңалықтар

Түркістанда жоғалып кеткен үш жастағы қыздың денесі дәретханадан табылды

Қыз баланың денесі үш күннен кейін әжетханадан табылған

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында жоғалып кеткен үш жасар қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды. Бүлдіршіннің денесі әжетханадан табылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратына сәйкес, қыз баланың денесі үш күннен кейін әжетханадан табылған. KAZ.NUR.KZ тілшісі аталған оқиға бойынша пікір алу үшін Түркістан облысының полиция департаментіне жүгінді. Құқық қорғашулылар әзірге жауап бермеді. Айта кетейік, бұған дейін 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында Асылым есімді қыздың жоғалып кеткені туралы хабарланды. Бүлдіршін анасы үй шаруасымен айналысып жатқан кезде есіктің алдында ойнап жүргенде жоғалып кеткен.