Сүйінші! Қазақ желаяғы Нора Джеруто Парижге жолдама алыпты
Нора Джерута Олимпиада нормативін орындады
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Нора Джерута Олимпиада нормативін орындады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды, деп хабарлайды newsroom.kz
АҚШ-та өткен USATF Los Angeles Grand Prix турнирінде қазақстандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бақ сынады. Нәтижесінде 9:22.45 уақыт көрсеткішімен қола жүлдегер атанды. Аталған сында Джеруто Канада және АҚШ спортшыларына ғана есе жіберген.
Осылайша Нора Джеруто Париж олимпиадасына іріктеуден өткен екінші қазақстандық жеңіл атлет атанды. Бұған дейін марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиада нормативін орындады.