Жаңалықтар

Руслан Дүйсенов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының Бас директоры Руслан Еркешбайұлы Дүйсенов болды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Руслан Дүйсенов М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Ол ҚР Парламенті Сенаты төрағасының көмекшісі, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің кеңесшісі болып қызмет атқарған. 

"KazService" ЗТБ – на басшылық жасамас бұрын, Қордың басқарушы директоры - "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінде болды.